2015 ж. 5 мамырдың жұлдызында Н.Қ.Дәулетова атындағы ОАК оқу залында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Тағдыр мен келбет галлерея» цикл рамкасында қазақ ұшқышы, ҰОС қатысушы Хиуаз Доспановаға арналған «Қазақтың қыран қызы» атты ерлік портрет сағаты өтті. Іс-шараға СОМ жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Валиева Мадина, Аисова Әмина, Біржанова Раушан, Марденова Анеля жиналғандарға соғыс жылдары туралы өлеңнен үзідінді оқып берді. Іс-шара мемлекеттік тілде өтті.