Вы Гость | Регистрация | Вход

Қош келдіңіз!

Меню сайта
Поиск
Форма входа
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Прогноз погоды
Архив записей
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Великие люди Казахстана

Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы)
Әкесі Жанұзақ «Қарабалуан» есімімен мәшһүр болған түйе палуан. Барақ батыр 1740-1758 жылдары қазақ жерін Қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған.
Барақ батыр Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, одан кейін Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына қатысты, батырлығымен аты шықты.
Барақ батыр Дәуітбай Жәнібекұлымен қатар Абылай ханның қасынында болып, ханның сенімін ақтаған. Барак батырдың кесенесі Сарыкөл ауданында орналасқан.
Барак батыр – сын Карабалуана, Барак удостоился чести звание «аулие». Этим словом народ называет и выдающихся народных целителей и пророков-ясновидцев, предсказывающих судьбоносные события и выдающихся ученых и мыслителей. Бараку-аулие уготована завидная судьба миротворца. Во времена Пугачевского отряда он был послан Аблайханом к приграничным крепостям с почти невыполнимой задачей. Барак батыр блестяще справился с поставленной задачей и тем самым продемонстрировал перед народом, что является достойным племянником Толе би. Захоронен в с. Крыловка Сарыкольского района.

 
Бөгенбай батыр
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Атасы  мен әкесі Қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың Сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару –жарақтарын жасаған. Өзіне жақын адамдардын топ құрып, кейін елде « Қанжығалының қырық батыры» деп аталып кеткен.
Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Қалмақ, Қытай әскерлерімен  болған шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.


Батыр Қанжығалы Бөгенбай – национальный герой Казахстана, великий казахский полководец, главнокомандующий армиями трех казахских жузов, не потерпевший ни одного поражения в своей военной карьере. Выходец из рода Қанжығалы. Он собрал отряд из близких ему людей, в народе их называли «Қанжығалының қырық батыры».         
Бөгенбай батыр всю свою жизнь боролся за независимость казахского народа, показывая храбрость в битвах с джунгарами и калмыками. Благодаря его храбрости и полководческим навыкам,  его имя сохранилось в сказаниях, легендах и произведениях жырау. 


Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 1911-1914 жылдары «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – казахский государственный, политический и общественный деятель, преподаватель, журналист и этнограф. Основатель и один из лидеров партии «Алаш».

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937) – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтурсынулы (1873-1937) – казахский просветитель, ученный-лингвист, литературовед, тюрколог, поэт и переводчик, общественный деятель и политический публицист, член партии Алаш. Репрессирован в 1937 году. В Казахстане почитается «Ұлт ұстазы». Ахмет Байтұрсынұлы был блестящим литератором, педагогом, лингвистом.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Мұхтар Әуезов мұрасының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүиелеп, қазақ әдебиеті тарихи, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопиясын айрықша құбылыс ретінде таныды.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) – советский казахский писатель, драматург и учёный. Лауреат Ленинской и Сталинской премии первой степени. Академик АН Казахской ССР, председатель Союза писателей России. В литературе Казахстана Мухтар Ауэзов как драматург занимает почётное место.  Его четырёхтомный роман «Путь Абая» вошёл в «Библиотеку всемирной литературы». В романе показана сложная картина жизни казахского общества второй половины XIX века, когда рушился многовековой кочевой образ жизни казахов.  Роман был переведен более чем на 20 языков, войдя в сокровищницу мировой литературы. Вся жизнь и время творчества Мухтара Ауэзова неразрывно связана со становлением литературы в Казахстане.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жалынды көсемсөз шебері, шоқтығы биік шығармалары «Оян, Қазақ», «Бақытсыз Жамал» романы т.с.с.
Қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан жазушы, драматург, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері.


Міржақып Дулатұлы (1885-1935) – крупный представитель казахской культуры и литературы начала ХХ века, поэт, писатель, общественный деятель, драматург, публицист, педагог, один из лидеров национально-освободительного движения «Алаш».

Бауыржан Момышұлы – (1910-1982) қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы. Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы.
Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В.Панфилов басқарған әйгілі дивизия құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап болды. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 27 рет ұрысқа қатысты.
Бауыржан Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.


Бауыржан Момышұлы – участник Великой Отечественной войны, Герой Советского Союза, Народный Герой Казахстана, полковник, писатель. В годы ВОв был известен как лучший стратег и тактик. В 1941 году был принят в дивизию генерал-майора И.В.Панфилова. Участвовал в контрнаступлении под Москвой. В должности командира батальона 19-го гвардейского полка он провел в 1941 году под Москвой 27 успешных боев в условиях маневренной обороны. По окончании войны занимался военно-педагогической деятельностью.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – Кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының  академигі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын арта түсті. Қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына күш салды.


Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – советский партийный и государственный деятель, Первый секретарь ЦК компартии Казахстана, член политбюро ЦК КПСС, трижды Герой Социалистического Труда, автор более 100 научных трудов, академик АН Казахской ССР.
 
Бірлік
Бірлік – қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі.
 
Единство
Единство – важное этическое понятие в традиционном мировоззрении казахского народа. Единство – это проявление солидарности между людьми, гармоничного мира, признак нации.
 
Достық
Достық – адамдардың бір-біріне адал қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
 
Дружба
Дружба – это качество людей, которые искренне верят друг в друга и имеют общую точку зрения. Дружба – это признак взаимной ответственности, заботы и духовной близости.
 
Береке
Береке – арту, көбею, құтты дегенді білдіреді. Мал-мүліктің көбеюі, үй ішіне тыныштық орнауы, ас-ауқаттың мол болуы, отбасы мүшелерінің көптігі әрі көркем мінезді болуы, денсаулықтың мықты болуы, елдің тыныштығы, адамның уайым-қайғысыз өмірі, білімнің пайдалы болуы – берекенің артқанының белгісі.
 
Благодать (достаток)
Береке – означает увеличение, умножение благодать (достаток). Приумножение богатства, мир в доме, обилие пищи, большое количество членов семьи, крепкое здоровье, мир в стране, жизнь без забот, полезность знаний – знак увеличения достатка.
 
Бәйтерек» Монументі
Монумент ортасында барлық діндердің бірлігін білдіретін әлемнің 17 дін өкілдерінің қолтаңбасы бар ағаш глобус орналасқан.
«Бәйтерек» өзінің орналасуымен және композициялық құрылымымен ежелгі көшпелілердің космогониялық идеяларын білдіреді. Олардың аңыздары бойынша әлемдердің тоғысқан жерінде Дүниежүзілік өзен ағып жатады. Оның жағасында жерді тамырымен ұстап, тәжімен көкті тіреп тұрған Өмір ағашы – Бәйтерек бой көтереді. Бұл ағаштың тамыры жер асты әлемінде, ағаштың өзі – жерде, ал тәжі – көкте.
Жыл сайын ағаш тәжінде киелі құс Самұрық «Күн» атты жұмыртқа салады. Ағаштың түбінде мекендейтін Айдаһар осы жұмыртқаны жұтып қояды, бұл символикалық түрде – жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, жақсылық пен жамандықтың күресін білдіреді.
«Бәйтерек» – жас, күшті, өсіп келе жатқан ағашты білдіреді, яғни тарихи тамырын сақтап қалған, тірегі берік, болашақтың гүлденуіне ұмтылған мемлекетті сипаттайды.
Существует прекрасная легенда о «Байтереке» – сказочном дереве, растущем на горе Кок-Тюбе среди безбрежного океана, к нему прилетает священная птица Самрук, чтобы отложить в его кроне золотое яйцо – Солнце, а Дракон всякий раз пожирает светило. Но птица Самрук снова и снова прилетает к дереву. И нерушимой остается смена Света и тьмы – Дня и Ночи, Лета и Зимы, Добра и Зла. Такова философия этой легенды.
Архитектурное сооружение «Астана-Байтерек» удостоено Гран-при и Золотой медали на Х Международном смотре-конкурсе на лучшую постройку за 2002 год Международной ассоциации Союза архитекторов стран СНГ.