Вы Гость | Регистрация | Вход

Сарыкольская ЦБС

Меню сайта
Поиск
Форма входа
Календарь
«  Июнь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Прогноз погоды
Архив записей
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная »  Құрбан айт – жақындарға қамқорлық жасау мерекесі
12:05
Құрбан айт – жақындарға қамқорлық жасау мерекесі
Құрбан айт – жақындарға қамқорлық жасау мерекесі
Этно-дәстүрлер
Ораза айт аяқталғаннан кейін 70-ші күні келетін ең маңызды мұсылман мерекелерінің бірі-Құрбан Айт. Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері оқырмандармен бірге, Ново-Урицкая ОМ жазғы мектеп жанындағы алаңының қонақтарымен бірге атап өтті.
Іс-шараның жүргізушілері кітапханалық достархан басында қонақтарды құттықтап, мерекенің пайда болу тарихы, салт-дәстүрлер, осы мерекеге дайындалып жатқан ұлттық тағамдар туралы баяндап, дәмді бауырсақ тағамдарымен сыйлады.
Бұл күні мұсылмандар рұқсат етілген тіршілік иесінің бірін құрбандыққа шалады: қой, сиыр, қошқар немесе түйе. Балалар араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «құрбандық шалу мерекесі» дегенді білдіретінін білді. Құрбан шалуды орындаған адам өз отбасына берекелі өмір сыйлады деп санайтын.
Содан кейін мереке қонақтары танымдық викторинаға қатысты «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін кім жақсы біледі?», мереке жайлы жақсы білім көрсетіп, дұрыс жауап бергендері үшін сыйлықтар алды.
Қазақтың әдет – ғұрыптары мен дәстүрлі мерекелері өзінің әсемдігімен, мағыналық мазмұнының байлығымен таң қалдырады және Қазақ ұлттық сипатының мәнін-ашық қонақжай және қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүруге ұмтылысын толық көрсетеді. Қатысушылардың әрқайсысы өз тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін көрсетті.
Қорытындылай келе, балалар қатысушыларға музыкалық нөмірлер түрінде сыйлық сыйлады.




 
Просмотров: 24 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]